2022 жылдың 22 сәуірінде «Бастауыш сыныптар апталығы» аясында 2-3 сынып оқушылары «Әдеби ассортимент» интеллектуалды ойынына қатысты.
Ойынның мақсаты: ойын, көрнекілік арқылы әдебиетке деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті ояту; әдеби ой-өрістерін кеңейту; зейінін, сөйлеуін, есте сақтауын дамыту; топта жұмыс істеуге, бірлесіп шешім қабылдауға, жеке бастамашылыққа, өз пікірін айтуға үйрету.
Шара нәтижесінде ең көп оқитын топ анықталды. Барлық командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.