Сәуірдің 22-сі күні балалар жылына арналған «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты мұғалімдер мен оқушылар арасында мектепшілік пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елімізде байқалып жатқан өзекті жағдайларды талдау және қоғамдық талқылау арқылы шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.