Тоқу - қолөнердің ең көне және пайдалы түрлерінің бірі. Шығармашылықтың бұл түрінде бала өзінің қабілетін аша алады, өзінің көркемдік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Сәуірдің 28-і күні Балалар жылы аясында және «Мәдениет ана – Мәдениет ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына «Бақытты ана – бақытты балалар» атты тоқу шеберлік сабағы өтті. Мақсаты: балалар мен ата-аналардың тоқыма тоқуды үйренудегі шығармашылық белсенділігін дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру. Шеберлік сабағының соңында тоқыма тоқу үлгілері мен ұсыныстар таратылды.