2 қыркүйекте мектепте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Қостанай облысы бойынша білім басқармасының бастамасымен «Ахмет Байтұрсынов – адамзат пен білімнің себушісі» тақырыбында имандылық сабағы өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түркітанушы, ақын, аудармашы – ол Ахмет Байтұрсынұлы. Нағыз патриот болуды, халқына адал да әділ қызмет етуді Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы осыған үйретеді. Белгілі жерлестің осы және өзге де ойларын мектеп оқушылары «Адалдық сағаты» сабағында талқылады.