9 қыркүйекте Балалар жылы аясында мектепте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы» викторинасы өтті. Шараға 4-сынып оқушылары қатысты. Негізгі мақсат – балаларды қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ақын, ғалым, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса», «Әдеби анықтама» шығармалары ұсынылды.
Викторина өте жоғары деңгейде өтті және оқушылардің интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін көрсетуге, жалпы білім көкжиегін кеңейтуге көмектесті.