Тәрбие жұмысындағы басым бағыттардың бірі денсаулық сақтау іс-шаралары болып табылады. Балаларды көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелеріне үйрету сабақ уақытында да, сабақтан кейін де жүргізіледі.
2022 жылдың 5 қазанында балаларды қорғау жылы аясында 1-9 сынып жетекшілері балаларды жол қозғалысы ережелерін білу және істеу, балалармен жолды дұрыс кесіп өту дағдыларын бекіту және жол қозғалысы ережесі бойынша сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жол ережесін сақтасаң, пәле қалмайсың» атты сынып сағаттарын өткізді.
Балалар көлік, жол қозғалысы туралы жұмбақтар шешті, жол белгілері мен ережелерін қайталады. Сынып сағатында мынадай міндеттер шешілді: алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше пайдалану, тәрбиеле білу; мектеп оқушылары арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.