5 сәуір күні мектепте 1-9 сынып оқушылары арасында «Денсаулықты сатып алуға болмайды, ақыл береді» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру болды. Шара барысында сынып жетекшілері балалармен жұмыстың түрлі формаларын қолданды. Сынып сағатында мектеп оқушылары салауатты өмір салтын сақтау ережелері, дұрыс тамақтану туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, балалар салауатты өмір салты туралы бейнеролик тамашалады, викторинаға қатысты. Оқушылар қорытындылады: Кім дене шынықтырумен, спортпен айналысып, дұрыс тамақтанса, сол жеңімпаз атанады.