Ашық терезе балалар үшін үлкен қауіп. Қауіпсіздік – біздің өміріміздің әл-ауқатының басты шарттарының бірі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау және балаға тиісті көңіл бөлу арқылы қайғылы оқиғаларды болдырмауға болады. Балалар өз өміріне қауіп төндіретін қауіптерді әрқашан шынайы бағалай алмайтынын есте ұстаған жөн, сондықтан бұл туралы қамқорлық ата-ананың тікелей міндеті.
Сәуірдің 12-сі күні «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Арқадий Паровозов көмекке асығады – терезеге шығу неге қауіпті» атты анимациялық фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Акция балалардың терезеден құлауының алдын алуға бағытталған. Балалармен мультфильм көргеннен кейін терезеден құлау қауіпсіздігі туралы әңгіме жүргізілді.