Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал ойын.
12 сәуірде мектеп оқушылары мен ұстаздары «Шахмат ойнау» Республикалық челленджіне қатысты. Челлендждің мақсаты – шахмат ойыны арқылы балалардың интеллектуалдық және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Ойын барлық ФИДЕ ережелері бойынша өтті. Chess Challenge республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Челлендж координаторлары: Қазақстан Республикасы Білім министрлігі.