2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Халықының Бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында мектепте оқушыларды "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" республикалық қоғамдық бірыңғай балалар - жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау өтті.
"Жас Ұлан" мен "Жас Қыранға" қабылдаудың негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.
Салтанатты жағдайда "Жас Ұлан" балалар –жасөспірімдер ұйымының жетекшілеріне галстук байлау құқығы берілді.
Біз "Жас Ұлан" республикалық ұйымының жаңа мүшелерін осы тамаша оқиғамен құттықтаймыз! Сізге оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!